Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл
Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл. 1991 жылғы 29 тамызда полигон ресми түрде өз жұмысын тоқтатты. Бұл шешім Қазақстанның бейбітшілік жолындағы тарихи қадамдарының бірі болды. Осы атаулы датаға орай Ақтауда арнайы жиын ұйымдастырылды. Іс-шараға ерекше тәуекел бөлімшелерінің ардагерлері, полигондағы оқиғаларға қатысқан азаматтар мен сала өкілдері қатысты.