Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық артқан
Жаңаөзен қаласында құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар талқыланды. Арнайы жиында жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылық, түнгі уақытта бақылауды күшейту және жауапты мекемелердің бірлескен іс-қимылы сөз болды. Мамандар проблемалық бағыттарды саралап, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттерді белгіледі.