Облыс әкімі Кендірлі әуежайының құрылысымен танысты
Кендерлідегі әуежай жыл соңында пайдалануға беріледі. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр.Жаңа әуежайдың құрылыс барысын облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай арнайы барып көрді. Аймақ басшысына нысанда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Жоба Кендерлі курорттық аймағының көлік инфрақұрылымын дамытуға, туристер легін арттыруға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге бағытталған. Жауапты мамандардың айтуынша, әуежай құрылысы жоспарға сәйкес жалғасып, нысанды белгіленген мерзімде аяқтау көзделіп отыр.