Шөл далада өнім алған диқан
Шөлейт өлкенің қақ ортасында егін егіп, өнім алып отырған Жыңғылды ауылының тұрғыны Серік Сейдалы «Маңғыстаудың шөлді жерінде ештеңе өспейді» деген жаңсақ пікірді жоққа шығарып келеді. Диқан бүгінде 3 гектар алқапқа адам бойынан биік жүгері еккен. Бұдан бөлек, қияр, қызанақ, қауын-қарбыз және күнбағыс өсіріпті. Шаруа ауылда өз өнімдеріне сұраныс жоғары екенін айтады. Диқанның алқабына барып, еңбегімен танысып қайтқан әріптесім Жасұлан Мұқан толықтырады.