Өткен оқу жылы қорытындыланды
Биыл маңғыстаулық түлектердің ҰБТ-дағы ортақ балы - 69,3 пайыз болып, ел бойынша 16-шы орыннан 13-ке көтерілді. Ал 80-ге жуық педагог әртүрлі байқаулар мен олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетті. 549 оқушы халықаралық және республикалық деңгейде 271 медаль жеңіп алды. Бұл жетістіктер облыстық «Тамыз кеңесінде» айтылып, өткен оқу жылы сараланды. Бірқатар ұстаз марапатталып, білім беру ұйымдары қаржылай сыйақыға ие болды.