Кітап оқып озғандар
Маңғыстаулық мұғалімдер, ата-аналар мен білім алушылар кітап оқудан жарысты. "Тәлімгер" орталығының бастамасымен өткен "Мен оқыған 10 кітап" байқауына қатысуға 300-ге жуық адам ниет білдірген. Соның ішінен 100-ден астам қатысушы ақтық кезеңге жолдама алды. Президенттің зерделі ұлт қалыптастыру бағытында берген тапсырмасы аясында ұйымдастырылған шараға арнамыздың түсірілім тобы куә болып келді.