«Ауыл. Әйел. Қоғам» форумы өтті
Маңғыстауда «Ауыл. Әйел. Қоғам» облыстық форумы өтті. Мұнайлы ауданында ұйымдастырылған жиынға өңірдің барлық аудандарынан ауыл әйелдері қатысып, құқықтық және қаржылық сауаттылық, отбасылық құндылықтар мен қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді талқылады.