Шұбат өндірісі жолға қойылды
Енді Жаңаөзен мектептерінің асханаларында оқушыларға шұбат ұсынылады. Осы мақсатта «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС жанынан «Нар-Бота» шұбат құю цехы іске қосылды. Жаңа өндіріс орнының ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай арнайы қатысып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Ақсақалдар игі бастамаға ақ батасын беріп, жаңа цехтың жұмысына сәттілік тіледі.