Тарихы қазақ жерінде ғасырлар бойы әртүрлі мәдениеті мен діні, салт-дәстүрі мен тағдыры тоғысқан ұлт пен ұлыстың өкілдері өзара бірлік, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мерейлі мерекеге орай аудан әкімі  дастархан жайып, өзге ұлт өкілдері ақсақалдарының басын қосты. Жиналғандарды мерекемен құттықтап, сыйлықтар үлестірді. Қариялар мәре-сәре болып, бауырмал қазақ халқына деген жылы лебіздерін білдірді.

Рахимбибі Бекжанова

Роза Меңдалиева 

Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін  татулық пен бірлік мерекесін бірге атап өту үшін мәдениет үйінде жиналды. Концерттік бағдарламада, әр ұлттың  ұлттық киімдерін киген өнерпаздар  ән шырқап, би білеп халықтың қошеметіне ие болды.

Мерейлі мерекеде алтын құрсақты аналар да қалыс қалмады. Ақшұқыр ауылың екі бірдей тұрғыны  алтын және күміс алқалармен марапатталды.

Нәзилә Жұмасатова - "Алтын алқа" иегері

Рыскүл Жаңбырбаева - "Күміс алқа" иегері

Мерекеге жиналған қауымды және барша түпқарағандықтарды Бірлік мерекесімен аудан басшысы Темірбек Асауов құттықтады.

Темірбек Асауов - Түпқараған ауданының әкімі

Қазақ жерінде, өзге ұлт өкілдері бейбітшілік пен бірлікте, татулық пен достықта өмір сүріп жатыр. Бұл қазақ халқының бауырмашылдығымен, жүрегінің  кеңдігі,- дейді өзге ұлт өкілдері. Ынтымақ пен татулық  мерекесін  түпқараған халқы  осылайша жоғары деңгейде атап өтті.