Ақтауда қатты тұрмыстық қалдықтарды энергияға айналдыратын зауыт салу жоспарлануда. Осы мақсатта облыс әкімі «Lester Invest Group» ЖШС бас директорымен кездесті. Жиында шаһарда салынатын зауыт құрылысы жөніндегі инвестициялық жоба талқылады. Жаңа бастаманың мақсаты - күн сайын 200 тонна тұрмыстық қалдықты өңдеп, олардан жылына 26,5 млн кВт/сағ көлемінде электр энергиясын өндіру. Сондай-ақ өндіріс ошағында қуаттылығы 7 МВт болатын қазандық орнатылып, заманауи технологиялар негізінде қауіпсіз әрі тиімді қалдық өңдеу процесі жүзеге асырылады. Айта кетейік, 2020-2023 жылдар аралығында Ақтау қаласында жыл сайын 85-94 мың тонна аралығында тұрмыстық қалдықтар жиналған. Оның 75% энергияға айналдыруға жарамды.