Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментті жаңа көліктермен толықты. Жергілікті бюджет есебінен алынған 6 бірлік жол талғамайтын «Hyundai Mufasa» маркалы автокөліктің кілті ресми түрде табысталды. Салтанатты шараға облыс әкімі, ҚР Қорғаныс министрлігі Бас штабының өкілі, полковник Нұрлан Уәли арнайы қатысып, әскери қызметшілердің жұмысына сәттілік тіледі. Елімізде құрастырылған жаңа автокөліктер облыстық департаменттің қала және аудан бөлімшелеріне бөлініп берілді.