Аймақ басшысы «Shalkar Innovations» компаниясының басшысымен кездесті. Тараптар өңірдегі қатты және құрылыс қалдықтарын басқару жүйесін цифрландыру және дамыту мәселелерін талқылады. Компания басшысы жобаның негізгі бағыттары мен артықшылықтары баяндады. Айтуынша, тұрмыстық қалдықтарды жинау мен өңдеудің бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе процесті автоматтандыруға, GPS бақылау мен онлайн мониторинг арқылы ашықтық пен тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Яғни, жоба бойынша арнайы бағдарламаның көмегімен қоқыс жәшіктерінің уақытылы тазалануы бақыланады.