Ақтаулықтар салауатты өмір салтын ұстанудың бір үлгісін көрсетті. Он шақты қала тұрғыны күннің суығына қарамастан, теңізге түсті. Өңір халқы мен қонақтарының дені мұндай уақытта Каспий жағалауында серуендеп, бой жазады. Ал, спортқа жаны жақын жігіттер қыс-жаз демей, суға шомылуды әдетке айналдырған.