Өткен жылы өңірде кәмелетке толмаған 5 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Биылдың өзінде мұндай қайғылы оқиғаның 2 дерегі тіркелді. Сонымен қатар, буллинг мәселесі де қоғамдағы өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. Осы маңызды мәселелер кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында кеңінен талқыланды.