Ақтауда «WorldSkills Aktau - 2026» өңірлік чемпионаты басталды. Биыл өңірлік додаға 700-ден астам қатысушы бақ сынайды. Қатарында студенттер, жас мамандар және сарапшылар бар. Сонымен қатар, мектепке дейінгі балалар арасында ұйымдастырылған «BabySkills Aktau» чемпионатында 48 бүлдіршін өз шеберліктерін көрсетеді.