Ақтауда 200-ден астам сарбаз психологиялық тренингке қатысты. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінде мерзімді әскери қызметшілерге арналған арнайы тренинг ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мамандар сарбаздармен командалық жаттығулар мен психологиялық ойындар өткізді.