Ақтауда сауда орталықтардың бірінде кенеттен жүрегі тоқтап қалған азаматты сол маңайда жүреген төтенше жағдайда санитариялық авиацияның фельдшері Жасұлан Кемалов аман алып қалды. Ол жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін науқастың жағдайын тұрақтандыруға бар күшін салып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Адам өмірін өлімнен арашалауды өмірлік миссиясына айналдырған фельдшер кез келген сәтте көмекке келуге дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.