Алматы - еліміздің ең ірі туристік орталықтардың бірі. Жазғы маусымда шаһарға баратын отандық және шетелдік туристердің қатары көбейіп, көрікті орындарда адам қарасы қалыңдай түседі. Табиғат пен заманауи демалысты ұштастырған Алматы көпшілік ең жиі таңдайтын орындардың қатарында екені сөзссіз.