Теңге ауылында тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мәдени кеш өтті. Ашық аспан астында өткен концертке ауыл тұрғындары отбасыларымен барып, көтеріңкі көңіл күйде демалды. Мұндай шаралар ауыл тұрғындарының басын қосып, мәдени өмірге серпін беруді мақсат етеді дейді ұйымдастырушылар.