Жанары әлсіз болса да, жігері мықты бағбан. Ақтауда көру қабілеті нашар болса да, көпқабатты үйдің ауласын көгалдандырып, бау-бақшаға айналдырған жан тұрады. Өмірдің қиындығына мойымай, айналасын әсемдікке бөлеген Злиха Шайымбетова - төзім мен табандылықтың үлгісі. Ол осыдан 4 жыл бұрын күйзеліске түсіп, тығырықтан жол табу мақсатында егіншілікпен айналысыпты. Нәтижесі де жаман емес.