Жаз - саяхаттың пен серуеннің қызған шағы. Әсіресе, Алматы қаласына ағылатын туристердің саны артты. Алматылықтар мен қала қонақтары табиғат аясында тынығып, шаһардың көрікті орындарын аралауға асығады. Солардың бірі - Алматының символына айналған Көктөбе. Ол жерде күн сайын мыңдаған адам қаланың көркем келбетін тамашалап, таза ауада серуендеп, ерекше әсер алады.