Жаңаөзенде «Жасыл ел» еңбек жасағының жасөспірім мүшелеріне еңбек құқықтары түсіндірілді. Қалалық прокуратура мен Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мамандары ұйымдастырған кездесуде еңбек шартын жасау тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, құқықтар мен міндеттер, сондай-ақ заңмен тыйым салынған жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берілді.