Қаржыны дұрыс басқару - әр отбасының тұрақтылығы мен әл-ауқатының негізі. Осы бағыттағы қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында Кендірлі мәдениет үйінде тұрғындармен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында мамандар қаржылық сауаттылық тек табыс көлеміне емес, оны тиімді жоспарлау мен басқаруға байланысты екенін атап өтті.