Он бір жастағы Нұрмұхан Мәди үшін суда жүзу - оның өмірінің бір бөлігіне айналған. Ол суда өзін еркін сезінеді. Тұрақты түрде жаттығып, ірі спорттық жарыстарға да қатысып жүр. Биыл Мәди алғаш рет халықаралық Oceanman Kazakhstan жарысында бақ сынады. Ол ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған Inspiration Group санатында өнер көрсетті.