Маңғыстау облысында тағы бір ауыл спирттік өнімдер сатылмайтын елді-мекендердің қатарына қосылмақ . Бейнеу ауданына қарасты Тәжен ауылының халқы «алкогольсіз ауыл» жобасын қолдап отыр. Аудандық прокуратура өкілдерімен полиция қызметкерлері ауыл ақсақалдары және жергілікті тұрғындармен кездесіп, Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп » қағидатын іске асыру аясында «Алкогольсіз ауыл» жобасы бойынша түсіндірді.