Кәспийдің экологиялық мәселелеріне технологиялық шешім ұсынды
Ақтауда Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін технология арқылы шешуге бағытталған халықаралық хакатон өтіп жатыр. «Caspian Hackathon» байқауына 80 командадан өтінім түсіп, техникалық іріктеу нәтижесінде 30 команда финалға жолдама алған. Екі күнге жоспарланған додада қатысушылар өз жобаларын сарапшылар алдында қорғайды.