Негізгі Жаңалықтар 256 келі бекіре тәркіленді

256 келі бекіре тәркіленді


Ақтауда toyota prado көлігінен 62 бекіре тұқымдас балық табылды. Сирек кездесетін балықтардың жалпы салмағы - 256 келі. Оларды заңсыз тасымалдаған азамат енді тергеуге алынды. Күдік тудырған көлікті тәртіп сақшылары 8 тамызда қала аумағында тоқтатқан. Табиғатты қорғау полициясы мен қалалық полиция қызметкерлері бірлесіп жүргізген тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан бекіре тұқымдас балықтар шыққан. Қазір тәркіленген балықтарға қатысты қажетті сараптамалар жүргізілуде. Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.


Бөлісу