Кұрылтай сайлауына дайындықты ОСК төрағасы тексерді
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Ақтауға келді. Орталық сайлау ккомиссиясының төрағасы қаладағы №275 және №276 сайлау учаскелерінің алдағы Құрылтай сайлауына дайындығын тексерді. Учаскелердің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің әзірлігін бағалады.