Негізгі Жаңалықтар Жатақханалар жаңа оқу жылына дайын

Жатақханалар жаңа оқу жылына дайын

Маңғыстау облысында талапкерлер мен студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық қамтылған. Бүгінде өңірде бір жоғарғы оқу орны мен 26 колледж жұмыс істейді. Оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 10-ы жеке меншік. Колледждерде 7 жатақхана болса, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде 4 жатақхана бар. Жалпы колледж жатақханаларында 1412, ал университет қарамағында 1750 орын қарастырылған. 

Бөлісу