Форт-Шевченкода ем алу қолжетімді
Форт-Шевченко тұрғындары енді ем іздеп Ақтауға сабылмайды. Ауылдағы ауруханада қажетті мамандар бар, медициналық қызмет те кеңейген. Бұған соңғы жылдары елді мекенге келген жас дәрігерлердің үлесі зор. Мамандардың дені «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан.