Ақтауда Польша университетінің филиалын ашу жоспарлануда
ҰБТ нәтижелері белгілі болды. Енді түлектер алдында болашақ мамандығы мен оқу орнын таңдау міндеті тұр. Ал жинаған ұпайы қалаған оқу орнына түсуге жеткіліксіз болған жағдайда, бұл мақсаттан бас тартуға себеп емес. Білімді шетелде де жалғастыруға мүмкіндік бар. Ақтауда оқушылар мен ата-аналарға Польшада білім алып жүрген студенттер өз тәжірибелерімен бөлісті.