Каспий теңізіне дизель отыны төгілді
Каспий теңізіне дизель отыны төгілген.
Жанармайдың төгілген қалдықтарын Түпқараған ауданы, Аташ елдімекені жағалауынан байқалды. {КСМ } Экологтар судан сынама алып, төгілген майдың қоршаған ортаға зиянын анықтап жатыр. Теңізге май төгілгендігі жөніндегі ақпарат 8 тамызда түскен. Осыдан кейін мамандар Аташ жағалауы мен оған іргелес теңіз аумағын тексерді. Қазір аталған аумақта мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр. Экологтар теңізде жұмыс істейтін кеме экипаждары мен айлақ иелеріне қоршаған ортаны қорғау талаптарын қатаң сақтауды ескертті.