Теңіз фермасындағы балықтар қыркүйекте саудаға шығады
Маңғыстау өңірінде балық шаруашылығы саласына жаңа серпін беретін жоба жүзеге асып жатыр. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданындағы теңіздегі балық фермасының жұмысымен танысып, өндіріс барысын көрді. Каспий теңізінде өсірілген албырт тұқымдас балықтар биыл қыркүйек айынан бастап сауда сөрелеріне жол тартады. «Organic Fish» кәсіпорнының алғашқы өнімі әзірге ішкі нарықты қамтуға бағытталып отыр. Бұл ауқымды жоба өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға және отандық өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді.