Тұрғын үй бөлуде жаңа талап: отбасы құрамы ескеріледі
Бұдан былай баспана бөлгенде отбасыдағы балалардың жынысы да ескеріледі. Яғни ұл мен қыз бір бөлмеге орналастырылмайды. Мәселен, екі баласы бар отбасыға қажетті бөлме саны олардың жынысына қарай есептелуі мүмкін. Жаңа талап 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Бұл өзгеріс тұрғын үй кезегіне қалай әсер етеді? Кезекте тұрғандар баспанасын бұрынғыдан ерте ала ма?