Прокуратура мен мәслихат бірлескен жоспарды бекітті
Түпқараған ауданында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жаңа жоба қолға алынды. Бұл - Маңғыстау облысында прокуратура мен мәслихаттың бірлесіп жүзеге асырып отырған алғашқы бастамасы. Осыған орай тұрақты комиссия отырысында 2026-2027 жылдарға арналған құқықбұзушылық профилактикасы жоспары бекітілді. Негізгі мақсаты - аудан аумағында құқықбұзушылықтың алдын алып, оның қайталануына жол бермеу. Осы бағытта құқық қорғау және уәкілетті органдардың жұмысы өзара үйлестіріледі.