Негізгі Жаңалықтар Газ саласы ардагерлеріне арналған бұрыш ашылды

Газ саласы ардагерлеріне арналған бұрыш ашылды

Әбіш Кекілбаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде газ саласы ардагерлеріне арналған арнайы экспозициялық бұрыш ашылды. Жаңа бұрышта өңірдің мұнай-газ саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінен сыр шертетін 12 тарихи жәдігер мен 20-дан астам фотоқұжат көпшілік назарына ұсынылған. Экспозицияда Маңғыстаудың энергетикалық әлеуетін арттыруға атсалысқан, саланың дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлердің  еңбек жолы мен өнегелі өмірі де кеңінен қамтылған.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар