Шара барысында мектептегі және үйдегі өрт жағдайында қалай әрекет ету керектігі бойынша слайд пен ролик көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды. Сондай-ақ, өрендер өрттің алдын-алу бойынша сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Жалпы, облыс бойынша өткен жылы балалардың отпен ойнауы салдарынан 4 өрт оқиғасы тіркелген. Биыл мұндай оқиға болмады. Бұл 4 ай сайын өткізіліп, отыратын акцияның жемісі, дейді ұйымдастырушылар.

Роза Тубекбаева - Ақтау қалалық ТЖБ инженері

Акция бір ай мерзімінде жалғасын табады. Балалардың арасында отпен ойнау арқылы тіркеліп жатырған өрттің санын азайту. Балалардың арасында оқыс оқиға болған жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін, қандай нөмерге қоңырау шалу керектігін айту басты мақсатымыз.