Биыл облыста 7 мыңнан астам оқушы 11 сыныпты бітіреді. Түлектердің 149-ы ,  «Алтын белгіге»,  450-і Үздік аттестатқа үміткер. Мектеп бітірушілердің емтиханы 5-19 маусым аралығына жоспарланған. Биыл емтихан тапсыруға 13 580 өтініш келіп түскен. Ал жалпы орта білім туралы аттестат 11 сынып түлектеріне 21-22 маусым күні тапсырылады.