Ақтауда  "Асмар - бірлік дәстүрлері" атты әйелдер кәсіпкерлігінің халықаралық конгресі өтті. Ауқымды жиынға 20-ға жуық өңірден 370-тен астам қатысушы келді. Шарада бой көрсеткен  облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бизнестегі әйелдердің еңбегі ерекше жоғары екенін айтып, олардың қолға алған ісінің алға басуына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулардың да әсері бар екенін атап өтті.