Елімізде медиация қарқын алып келеді. Жалпы бұл ұғымы қазаққа ежелден таныс. Ата-бабаларымыз ел арасындағы дау-дамайды мәмілемен, өзара ымырашылдықпен шешкен. Ол заманда медиатор міндетін ақсақалдар атқарып, елдің тұтастығы мен беріктігін сақтаған. Билер тәжірибесінен басталып, бүгінгі күнге жалғасқан бітімгерлік бүгінде заңдастырылып, дауларды сотқа дейінгі сатыда шешіліпк еледі. Ақтауда медиацияның даму преспиктавалары және қолдану салалары бағытында конференция өтті. Жиын барысында дауларды ретеудің баламалы жаңа түрі болып саналатын медиация туралы жан-жақты ақпарат берілді.