Ақтаудағы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп музейінде "Музей-тарих, музей -тағлым" жиыны өтті. Әуезов мұраларын  ұлықтау мақсатында өткен шараға жазушының шығармашылығын зерттеп жүрген мамандар қатысты. Оларға мектеп ұжымы "бала Мұхтардан дана Мұхтарға" дейінгі өмір жолын сахналады. Өйткені жазушы еңбектерін оқушыларға оқытуда мектеп осы әдісті қолданады. Шығарманы көзбен көрген бала жадында ұзақ сақталады,- дейді мұғалімдер.