Жыл басталғалы бері 59 жіті ішек ауру тіркелді. Оның 16-сы 14 жасқа дейінгі бала. Қамажай Түрікменбай 11 айлық сәбиімен 4 күннен бері жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр. Өйткені, баласы үйінде 2 күн бойы іші өтіп, құсқан. Дене температурасы 39-дан түспеген. Айтуынша, дәрігерлердің ем-домынан кейін  денсаулығы жақсарған.