Басқұдық ауылының тұрғындары сасық иістен демалуымыз мұңға айналды деп ашынып отыр. Қолқаны қабатын иістің кесірінен тыныс жолдарын ашатын дәрісіз жүре алмайтын хәлге жеткен. Жағымсыз иіс әсіресе, желді күндері күшейіп, бүкіл ауыл ішін жайлап кетеді - дейді олар.