Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Кеңесте өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, тұрақтандыру қорының жұмысы талқыланды. Өңірде азық-түлік бағасының индексі жыл басынан бері 104,8 пайызды құраған.