Каспий теңізі өзінің бай биоалуантүрлілігімен ерекшеленеді. Теңізде балықтың 100-ден астам түрі мекендейді. Сондай-ақ теңіз Қызыл кітапқа енген Каспий итбалығының бірегей мекені саналады. Бүгінде елімізде аквашаруашылық саласы қарқынды дамып келеді. Осы бағытта 2030 жылға дейін балық шаруашылығын дамыту жоспары бекітілген.