Жаңа кәсіп бастауға ниетті тұрғындар үшін биыл да мемлекеттік қолдау жалғасады. Қайтарымсыз грант кәсіпкерлікке алғашқы қадам жасап, ісін кеңейтуді көздеген азаматтарға жаңа мүмкіндік ұсынып отыр. Бағдарлама аясында үміткерлер өз бизнес-жобасын қорғап, арнайы комиссияның шешімімен іріктеледі.