Елдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауда этномәдени бірлестіктердің орны ерекше. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов айтты. Оның сөзінше, түрлі этномәдени бірлестіктер қоғамдағы өзара түсіністік пен татулықты нығайтуға үлес қосып келеді.