Ақтауда қолөнер шебері Гүлмира Лесбайқызының «Қазақ қолөнері: кеше және бүгін» атты авторлық шығармашылық кеші өтті. Шарада қазақтың дәстүрлі қолөнері мен оның бүгінгі сән индустриясындағы қолданысы таныстырылып, ұлттық мұраны дәріптеуге бағытталған көрме-жәрмеңке мен сән көрсетілімі ұйымдастырылды.