Ақтауда Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс өңірлік жас қызметкерлер слеті басталды. Екі күнге созылатын іс-шараға Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан 40-қа жуық жас қызметкер қатысуда. Олардың қатарында жедел-іздестіру бөлімінің, жедел жене тергеу басқармасының, сонымен қатар криминалистика бөлімінің қызметкерлері бар.