Жаңаөзенде арзан бағаға қой әкеліп беремін деп тұрғындарды алдаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 36 жастағы ер адам өзін тиімді бағамен мал жеткізіп беретін азамат ретінде таныстырып, төрт тұрғынның сеніміне кірген.